Қазақстан 2018 жылы алтын қоры көрсеткіші бойынша Сауд Арабиясынан озып, жалпы рейтингте 15-ші орында тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеген. Жыл басынан бері Қазақстанның Ұлттық банкі отандық өндірушілерден 33 тонна аффинаждалған алтын алды.

«Қазіргі уақытта Қазақстан алтын қоры бойынша 15-орында тұр. 2018 жылы Сауд Арабиясынан озып кеттік. 2018 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкінің алтын портфелі — 333 тонна, бұл дегеніміз 12,8 миллиард доллар», — деді Ұлттық банк өкілдері.

Ұлттық банк қазақстандық алтынның әлемдік саудада танымал болуы үшін, алдағы болашақта аффинаж алтынның небәрі 4 пайызын сатуды көздеп отыр екен.  Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілдері 2018 жылдың басынан әлем саудасында алтын бағасы 8 пайызға түскенін айтады. Бұған доллардың нығаюы себеп болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here