Қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық айлық шеңберінде Талдықорғандағы «Жастар» сабағында арнайы іс-шара өтті. Аймақтағы әр саланың басшылары мен жастар және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысқан  басқосу Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Тәжік-Ауған учаскесіндегі шекара қорғау шебінде болған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне арналған.

Д.Сағындықов

Салтанатты шарада сөз алған «Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысушылардың» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Мұхамеджанов алдымен сол майданда қаза тапқан қаруластарын еске алудан бастады. Сондай-ақ, ол: «Көпке мәлім халықаралық келісімдерге сәйкес, еліміздің 1993 жылғы 15 сәуірдегі қаулысы бойынша қазақстандық жауынгерлер Тәжік-Ауған шекарасына міндет өтеуге барды. Олардың арасынан қаза тапқан азаматтар да болды. Үкімет тапсырмасын орындау жолында жанын қиған біздің сол ерлеріміздің есімі ел есінде мәңгі сақталады. Олардың атқарып кеткен әрбір ізгі істері ұрпаққа үлгі. Сондықтан бүгінгі шараға қатысушы жастар өткеннен өнеге алып, болашақта елін, жерін, Отанын қорғайды деп сенемін» -деді. Сонымен бірге бірлестік төрағасы Алматы облысынан республикалық қоғамдық бірлестіктің филиалы ашылғанын және оның төрағасы болып подполковник Марат Досбаев тағайындалғанын жеткізді.

Жаңа филиал басшысы Марат мырзаның айтуынша, енді бұл ұйым жастарға тәрбиелік мәні зор түрлі әскери іс-шараларға белесене ат салысып, өңірдің дамуы мен ел ертеңі үшін өз үлестерін қоса бермек.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here