20-27 қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында 17 дзюдошы қатысады, — деп хабарлайды Массагет сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz порталы.

Бакудегі бәсекеде әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы бақ сынайды. Жылдың басты жарысында 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салады.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, әлем чемпиондарына 26 мың еуро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың еуро сыйақы беріледі.

Ерлер:

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-81 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Ақниет Тұрдан (-63 кг)

Аэлита Щербакова (-70 кг)

Ажар Салықова (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Гүлжан Исанова (+78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here