Зидан жаттықтырушылық қызметке қайта оралады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Естеріңізге салсақ, француз маманы испандық клубпен айтарлықтай жетістікке жеткен болатын. Ол «Реал Мадрид» клубын жаттықтырған кезеңде үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасында топ жарды. Енді Зиннедин Зидан жуырда бапкерлік қызметке қайта оралатынын мәлімдеп отыр.

TVE арнасына берген сұхбатында футболшы: «Мен жақында жаттықтырушылық қызметке ораламын. Өмір бойы айналысқан ісімнің ортасына қайта келген маған ұнайды, — деп атап өтті.

Білікті бапкер Чемпиондар лигасында топ жарғандығымен қатар үлкенді-кішілі 9 бірдей чемпиондық атақты да иеленген.

Батыстық кей басылымдардың хабарлауынша, Зиннедин Зидан «Манчестер Юнайтедте» Жозе Моуриньюді алмастыруы мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here