Мереке қарсаңында үздік туындылар тегін көрсетілді

0
120

Қала күні қарсаңында Талдықорған қаласының әкімдігі мен “Атамекен” ойын-сауық кешені бірлесе отыра  450-ге жуық мектеп оқушысына “Панда” мультфильмі мен  “Альфа” фильмін тегін тамашалау мүмкіндігін сыйлады.

Шытырманға толы “Альфа” драмасы ағымдағы жылы АҚШ таспалауымен  жарыққа шыққан. Коди Смит-Макфи, Леонор Варела, Наташа Мальте, Марцин Ковальчик, Спенсер Богерт сынды танымал тұлғалар қатысқан туындының режиссері Альберт Хьюз. Басты рөлді сомдаған австриялық 22 жасар Коди Смит-Макфи өнер жолын 2005 жылдан бастап, күні бүгінге дейін бірнеше фильмге түскен. Түсірілім жұмыстары  Ванкувер, Драмхеллер, сонымен қатар Бернаби мен Исландияда өткен. Фильм осыдан 20 000 жыл бұрынғы  кезеңге шегініс жасап, сол замандағы халықтың тыныс-тіршілігін суреттейді. Адамдардың өз отбасыларын аман сақтау үшін жыртқыш аңдарды аулауы, жас жігіттің  түрлі қиындықтармен бетпе-бет кездесуі, ит пен адам арасындағы достықты бейнелейді.

Әсем Жұматаева, №18 орта мектеп-лицейінің  оқушысы: Ең әуелі талдықорғандықтар мен қала қонақтарын келе жатқан Қала күні мерекесімен құттықтаймын. Жетісудың кіндігі — Талдықорған сәт сайын жайнап, өсіп-өркендеуде. Бұл мерекенің біздер үшін маңызы зор деп білемін. Өткен жылы өзім де мерекелік концертке қатысып, азғантай болса да үлесімді қосқан болатынмын. Осылайша шаhарымызға деген шексіз махаббатымды білдіргім келді. Қыркүйек айы басталған сәттен мерекелік көңіл-күйде жүреміз. Көптеген шаралар, кештер өтеді. Солардың бірі жыл сайын мереке аясында отандық, шет елдік фильмдерді тамашалаймыз. Өткен жылы  Рүстем Жаныаманов пен Санжар Мадиев сынды танымал актерлармен кездесіп, “Жаңғақ тал” және “Дорога домой” кинокартиналарын  көрген болатынбыз. Бүгінгі көрген кино да ерекше әсер қалдырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here