Талдықорғанда тұңғыш рет мюзикл таспаланады

0
310

Облысымызда тұңғыш рет “Талдықорған, мен сені сүйемін!” атты қысқаметражды мюзиклдің түсірілімі басталмақ. Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында сценарий авторларының бірі Әділбек Әбілов мәлімдеді.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен жарыққа шығатын туындының ұзақтығы 20-25 минут. Түсірілім жұмыстары 15 қыркүйекке дейін жүргізіліп, желтоқсан айында көрермен назарына ұсыну жоспарлануда. Идея және сюжет авторы Әділет Жұмабек. Сценарий авторлары Ерлан Ұшақпаев, Әділбек Әбілов және Медет Құрманов. Фильмде орындалатын әндер жаңаша бағытта өңделіп, cover  нұсқасында ұсынылмақ. Ә.Әбілов “Біз киноға  елімізге белгілі,  болашағы зор Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Ерік Хамидуллаев сынды жас актерларды таңдадық. Тамаша табиғатымыз бен қаламыздың әдемілігін, көз тартар ғимараттарын  барынша көрсетуге тырысамыз. Көрерменді бірегей сценарий, кәсіби тұрғыдан аса жоғары  актерлік шеберлік, әдемі әндер мен қайталанбас билер арқылы таңқалдырамыз деп ойлаймыз. Басты және қосалқы рөлдегі актерлерді бекіттік. Алайда, қаламыздың тұрғындарына көпшілік сахнаға түсу мүмкіндігі бар. Бұл туралы әлеуметтік желілерде алдын ала хабарлайтын боламыз”-деді.

Дереккөз

Басты рөлді жас актер Ерік Хамидуллаев сомдайды. Ол Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің түлегі. Қазіргі таңда Б.Әбішевтің жетекшілігіндегі каскадерлік топтың мүшесі. Бұған дейін “Аға”, “Қарлығаш ұя салғанда”, “Арман жолында”, “Брат или брак-2” сынды  картиналарға  түскен.  —Осындай үлкен жобаға шақырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Өзім де жер жаннаты Жетісудың тумасы болғандықтан ұсыныс түскенде бірден келісімімді бердім. Сүйікті қалаңа пайдаң тиіп жатса одан асқан бақыт бар ма?! Жалпы мюзикл жанры елімізде енді-енді шымылдығын түріп келеді. Осындай тың туындыда басты рөлді сомдау мен үшін үлкен жауапкершілік. Бойымдағы бар талантты көрсетуге тырысамын. Баршамызға сәттілік тілеймін. Жобаның жемісін бірге көреміз деген сенімдемін.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here