Қыркүйек айынан бастап Қазақстан автожолының үш бөлігі ақылы болады. Сонымен қатар, жалпы мемлекеттік маңызы бар тағы бес жолға ақы енгізу жоспарлануда. Бұл туралы брифингте «Қазавтожол» ҰҚ АҚ кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басқарушы директоры Рустам Исаев мәлімдеді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

«Біз қазір 5,5 мың шаршы шақырымға ақы төлеу жобасын енгізуді қарастырып жатырмыз. Бұл жоспар жыл соңында дайын болады. Аталған жүйемен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Ақтау-Шетпе-Бейнеу-Атырау», «Астана-Павлодар», «Шучинск-Көкшетау-Петропавл-Ресей Федерациясы шекарасы» және «Шучинск-Көкшетау-Петропавл және Өзбекстан шекарасы»жолдары жұмыс істейтін болады»- деді Рустам Исаев.

Оның сөзінше, бұл жүйені енгізу демеушілердің қаражаты арқылы жүзеге асуы қажет. Ал, бұл мәселе шешілмейтін болса, жоба мемлекет қаржысы арқылы іске асады.

«Барлық жолдарда енді сәйкестендірілген тарифтер болады. Олар уәкілетті органдар арқылы бекітіледі. Қазір олар «Астана-Шучинск» жолындағыдай болады деп күтілуде. Алайда уақыт өте тариф өзгерістеріне байланысты баға да өзгеруі мүмкін» ,- деді Исаев.

Сондай-ақ, брифингте жолға ақы төлеу жүйесі «Алматы-Хоргос», «Астана-Теміртау» және «Алматы-Қапшағай» жолдарына енгізіліп жатқаны туралы айтылды. Бұл өзгеріс қыркүйек айынан бастап жүзеге аспақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here