Елімізге танымал атлет Илья Ильин үлкен спортқа оралды. Зілтемірші ертең Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады деп, — хабарлайды taldykorgan-online.kz

Сондай-ақ, зілтемір көтеруге Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және тағы да бірқатар танымал спортшылар келіп, өзара шеберлік байқаспақ.

Одан бөлек, спорттағы шеттетілу мерзімі аяқталған Зульфия Чиншанло да ел чемпионатында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұл турнир Ашхабадта болатын Әлем чемпионатына іріктеу ретінде ұйымдастырылып отыр. «Жастар» спорт кешенінде өтетін дүбірлі додаға ұлттық құраманың барлық спортшылары шықпақ. Жарыс 2-ші қыркүйекке дейін созылылады.

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here