Алматылық «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасының 24-ші туры аясында «Атырау» командасымен тартысты ойын өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz.  сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Ойын Алматыда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Есеп 4:2. Бұл кездесуде Андрей Аршавин командасының жеңісіне үлкен үлес қосты. Футболшы бір гол салды және екі нәтижелі пас шығарды. Оның үстіне ресейлік спортшы ойынға тек 59-шы минутта қосылған. Ол кезде 1:2 есебімен атыраулықтар ұтып жатқан еді. Осылайша, Аршавин ойын арнасын кері бұрды.

Бұл жағдайды «Eurosport» порталы атап өтіп, Аршавин әлі де жақсы қалыпта екенін жазды.

«71-ші минутта Андрей қақпа бұрышына дәл соққан голымен жағдайды түзеді. Осыдан кейін Аршавин өзі-ақ гол сала аларына қарамастан Эсеолаға көмектесті. Ал, соңында Аршавин допты Эсеола баспен соққы жасай алатындай етіп іліп көтерді», — деп жазады Eurosport.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here