Бүгін спортшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Шара аясында облыстың үздік спортшылары мен жаттықтырушылары және спорт ардагерлері марапатталды.

Кездесуге шақырылғандарды құттықтаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров:

— Құрметті ардагерлер мен спортшылар! Сіздерді Спорт күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халық денсаулығының кілті саналатын дене шынықтыру мен спортқа мемлекет үнемі қамқорлық көрсету қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының сол тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысында спорт пен дене шынықтыруды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2018 жылы дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту бағытында облыстық бюджеттен 8 млрд. теңге бөлініп, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Аудан орталықтарында бірнеше спорт нысандары салынуда. Алдағы уақытта облыс орталығы Талдықорған қаласында халықаралық стандартқа сай жүзу бассейіні, жеңіл атлетикалық манеж және велотрек сынды спорт нысандары ел игілігіне беріледі, — деді өз сөзінде.

Сондай-ақ, Серікжан Ісләмұлы спортшыларға өзінің жылы лебізін білідіріп, тек қана биіктерден көрінуге тілектес екендігін жеткізді.

Келесіде салауатты өмір салтын насихаттап, облыста спорттың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен бірнеше спортшылар облыс әкімінің Алғыс хат, құрмет громатасы және арнайы төс белгілерімен марапатталды. Жиын барысында Талдықорған қаласының құрметті азаматы, спорт ардагері, Август Петрович, ҚР-ның спорт шебері, Еворапа, Азия кубоктарының иегері Дамир Ерланұлы және жоғары санаттағы жаттықтырушы Айдос Тұрсынбекұлы сөз алып, спорт пен салауатты өмір салтының пайдасы туралы айтты. Спорттағы жетістіктері туралы баяндап, үнемі қолдау көрсететіп отырған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы Алматы облысында 10 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 57 спорт шебері, 468 спорт шеберлігіне үміткер дайындалған. Сонымен қатар, облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстардан 1002 медаль жеңіп алған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here