Талдықорған қаласының құрылыс бөліміне Жандос Телеубаев басшы боп тағайындалды. Тиісті байқау негізінде іріктеліп алынған бөлім басшысын активке Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев таныстырды.

Телеубаев Жандос Диханбайұлы 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Саладағы жұмыс өтілі 27 жыл. 1992-1997 жылдары Қазақ мемлекттік сәулет-құрылыс академиясын инжинер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы қатардағы құрылысшыдан бастаған. 1986-1988 жылдары Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін, құрылыс саласындағы жекеменшік мекемелерде қызмет істеді. 2008 жылдан бастап Іле ауданының құрылыс бөлімінде, 2013 жылдан бастап бүгінге дейін Алматы қаласының құрылыс басқармасында қызмет етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here