Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды міндеттердің бірі. Мүгедектер тәуелсіздігі декларациясы оларға әлсіз адам ретінде қарамауға, тең серіктестік тұрғыдан қарым-қатынас жасауға, олардың өмірге белсенді позициясын қалыптастыруға, құрметтеуге шақырады.

Онда төмендегідей негізгі мәселелер баса көрсетілген: менің мүгедектігімді мәселе ретінде қарама; Маған қолдау көрсетудің қажеті жоқ, мен сіз ойлағандай әлсіз емеспін; Мені пациент ретінде емес, өзіңнің отандасың ретінде қара; Мені өзгертуге тырыспа, бұған сенің хақың жоқ; Мені аямаңдар; Өзім қаламасам, маған көмектеспей-ақ қойыңдар. Қоғам өзінің стандарттарын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет.

Мүгедек адам іс-әрекетінің шектелуіне байланысты бірнеше негізгі аспектілер келіп туындайды. Бірінші, мүгедектер мәселесін шешудегі құқықтық аспектілер мүгедектердің құқық-тарын, бостандықтары мен міндеттерін қамтамасыз етеді. Екінші, әлеуметтік-орталық аспектіге микроәлеуметтік (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғын үй, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.) ортамен байланысты мәселелер жатады. Әлеуметтік қызмет көрсететін объектілердің ерекше категориясы құрамын мүгедек адамы бар отбасылар құрайды. Мұндай отбасылар әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдар тұратын микроорта болып саналады. Үшінші, өндірістік-экономикалық аспекті тұрғындар-ды әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және реабилитациялық ор-талық пен қызмет нарығы мәселелерімен байланысты. Мұндай тәсіл кәсіптік, тұрмыс-тық және қоғамдық әрекетке өз бетінше қабілетті мүгедектер санын арттыруға, мүгедектердің реабилитациялық құралдар мен қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыратын аталуы көмек жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Ал ол өз  кезегінде, мүгедектердің қоғамға қайта қосылуларына септігін тигізеді. Төртінші, анатомиялық-қызметтік аспекті реабилитациялық қызметпен мүгедектің реабилитациялық әлеуетті дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық мағынада) қалыптасуын алға тартады. Бесінші, психологиялық аспекті мүгедектік мәселесін қоғамның эмоционалдық-психологиялық қабылдауын және мүгедектің тұл-ғалық-психологиялық бағытын бейнелейді.

Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру әлеуметтік статус пен олардың әлеуметтік-тұрмыс және әлеуметтік орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі. Оған мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілу және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» – дегендей, адам баласы басқа жандарды қуантып, біреудің мұңын жеңілдету арқылы өзі де бақытты болады, бақыттың не екенін түсінеді.

Ұлттық іс-қимыл нышандарына сәйкес болашақта мемлекеттің қолдауымен көптеген мәселелер шешілетініне сеніміміз мол!

Назгүл Маттанаева, әлеуметтік қызметкер.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here