ҚХА жастар қозғалысының қызметіндегі медиация институты» тақырыбында республикалық семинар өтеді

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні сағат 11.00-де, Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері және «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының қызметіндегі медиация институты» тақырыбында республикалық семинар өтеді.

Семинардың мақсаты: өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау.

Маңызды шараға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і медиация және халықаралық әріптестік секторының және облыстық сот, прокуратура, әділет департаменті, этномәдени бірлестіктер, Аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенділері, аудан, қалалардың кәсіби емес және кәсіби медиаторлары, БАҚ өкілдері қатысады.

Модератор: Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы – Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі.

Сөз сөйлеушілер:

Раһимзаде Инара Раһимгызы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының бас маманы, медиация үйлестірушісі.

Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы – Алматы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.

Калиева Күлшарбан Мырзабайқызы – Сарқан ауданының кәсіби емес медиаторы, Ана медиатор.

Жекенова Нұргүл Жекенқызы – Алматы облыстық сотының судьясы, медиация саласы бойынша үйлестіруші.

Мақашев Нұрбосын Тәжібайұлы – Облыстық прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша басқармасының прокуроры.

Дауылбаева Айнұр Тұрарбекқызы – әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Котельникова Лариса Леонидовна – Алматы облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары.

Махмет Айбүбі Қанатбекқызы – Медиация орталығының меңгерушісі, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының заңгер-медиторы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here