Республикалық жазба ақындар байқауы

0
221

Алакөл ауданының құрылғанына 90 жыл, көрнекті ақын Сәкен Иманасовтың туғанына 80 жыл толуына арналған республикалық жазба ақындар байқауының

                                       ЕРЕЖЕСІ

Алматы облысы Алакөл ауданының әкімдігі ауданның құрылғанына 90 жыл, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Сәкен Иманасовтың туғанына 80 жыл толуына байланысты «Ақтаңгер ақын» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраның мақсаты:

* Жер жаннаты Жетісудың тамаша өлкесі Алакөлдің тарихи және табиғи келбетін өлең-жырға өзек ету, Қабанбай батыр сияқты біртуар тұлғалар дүниеге келген өңірді поэзия тілімен насихаттау,сол арқылы жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

* Қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті ақын С. Иманасовтың жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды өнерге тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы ақынның портретін сомдау.

Мүшәйраның тақырыптары:

* Алакөл ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған өлең;

* «Ақтаңгер ақын» тақырыбына С.Иманасовқа арнау өлең;

* Еркін тақырыптағы өлең.

Байқау шарттары:

— Ақындардың жасына шек қойылмайды;

— Өлеңдер көлемі 15 шумақтан аспауы қажет;

— Ақын өзі туралы мәліметті (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, мекенжайы, байланыс телефоны және жеке суретін) ұсынады;

— Ұсынылатын өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек.

Байқауды өткізу тәртібі:

— Өлеңдер 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады;

— Байқау ашық түрде қазылар алқасының сараптауынан өтеді;

— Мүшәйраға түскен өлеңдер кітапқа енгізіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздары қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарға жүлделер 2018 жылғы қыркүйек айындаАлакөл ауданының 90 жылдық мерейтойында және Сәкен Иманасовтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілетін бөлек шарада тапсырылады. Мерейтойлар Үшарал қаласында өткізіледі.

Қос шараға шақырылатын жүлдегерлердің жол шығыны (пойызбен), жатын орны, тамақтануы ұйымдастырушылар есебінен төленеді.

Өлеңдерді мына адреске жолдау қажет:

Мекен-жайымыз: «Алакөл аудандық мәдениет бөлімі» ММ.

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қ. Қонаев көшесі 76,

Аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің ғимараты

Байланыс тел: жұмыс: 87283323625, 87283321096,Ұялы: 87025838738,

факс 87283324193; Электронды пошта: Alakol-kultura@mail.ru

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here