Балалықтың әнін салған күн

0
214

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай “Жастар” саябағында мерекелік шара өтті. Салтанатты жиын ең әуелі бес мыңға жуық жасөспірімдердің қатысуымен “Рухы биік Ұлы елдің ұрпағымыз” атты шеруден бастау алды.

Фото авторы А.Нұршанов

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  “Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан, Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы” — деп, жас ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру қашанда маңызды екенін атап өткен болатын.

Фото авторы А.Нұршанов

Дәстүрлі түрде өтетін шарада алғаш болып сөз алған қала әкімі Дастан Шалтабаев “Бұл мерекенің жалпы адамзат үшін орны ерекше екендігі түсінікті. Себебі, бүгінгі бүлдіршін, жас бала қоғамның ертеңі, болашағы болып табылады. Облыс орталығы жаңарып, жаңғыруымен талдықорғандықтар қатары да жасара түсті. Қазір 6 жасқа дейінгі балалар саны 28 мың, бұл барлық тұрғындардың 16 пайызынан асады. Қалада орта есеппен жылына 3600-4000 бесік тойы тойлануда. Биылғы 4 ай ішінде 1293 жас нәресте дүниеге келді. Осы сәбилер ертең азамат болып, мемлекеттің тірегіне айналады, бүгінгі істеп жатқан істерімізді жалғастырады. Қымбатты балалар! Ғұмырларың берекелі, өмірлерің мерекелі болсын. Ата-аналарыңның, еліміздің мақтанышы болыңдар. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы астында еркін де, бақытты өмір сүрулеріңе тілектеспін”-деп барша бүлдіршіндерді  құттықтады.

Фото авторы А.Нұршанов

Салтанатты шара “Мен жұлдызбын” үлгілі ән студиясының өнерпаздарының  концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Фото авторы А.Нұршанов

Меруерт Ерғалиқызы. Бұл күнді барлығымыз асыға күтеміз. Осы күні көңілді концерттер өтіп, түрлі тосынсыйлар болады. Барша балаларды мерекемен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілеймін.

 

 

Фото авторы А.Нұршанов

Ерсұлтан Жұмағали. Жадыраған жаздың алғашқы күнімен қатар келген төл мерекемізбен құттықтаймын. Балалар ешқашан ауырмай, ғұмырлары ұзақ болсын деймін. Бар  жағдайымызды жасап отыратын ата-аналарымыз, үлкендер аман болсын. Бізге осы күні арнайы мерекелік шара ұйымдастырып, көңілімізді көтереді. Біз бақытты елдің бақытты ұрпағымыз.

 

Фото авторы А.Нұршанов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here