Азаматтардың әлеуметтік статусы анықталуда

0
152

Алматы облысы бойынша «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі  ұйымдастыру шаралары  Жол картасының орындалуы жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Үстіміздегі жылы облысымызда мәртебесі анықталмағандардың саны 454 мыңнан асып отыр. Олардың тізімдері «Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына» орналастырылды деп хабарлайды Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Зайда Ілімжанова.

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен жиында осы мәселе атап көрсетілді. Елбасы үстіміздегі жылғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз ету және әркім өзінің әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау қажет»-делінген.

— Бүгінгі күні  азаматтардың  әлеуметтік статусын, яғни мәртебесін анықтау мақсатында жүйелі істер қолға алынған. Мәселен, «Студенттер» бойынша 2657 адам өзектендірілсе, енді 452-сі анықталу үстінде.

«Қайтыс болғандар» санатында 1097-сінің жұмысы жүйеленсе, оның 35-інің құжаттары сотта қаралуда. Ал ел аумағынан көшіп кеткендер бойынша 231 адам өзектендіріліп, 468 адамның тағдыры анықталуда. 6292 адам- әлеуметтік төлем алушылар санатында болса, міндетті зейнетақысыз жұмыс жасайтындар, жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған санаттар бойынша  азаматтарды анықтап, жыл басынан бері 39642 адам жалдамалы қызметкер ретінде  өзектендіріліп отыр. Сондай-ақ,  кірістер басқармасында  кәсіпкер ретінде 1507  жеке тұлға тіркелсе, 3665 адам жұмыссыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын өздері төлейтін  боп 165 мың адам  өтініш білдірген. Сонымен қатар, қосалқы шаруашылық құрып, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 23 мың адам бары анықталған,-дейді басқарма басшысы З. Ілімжанова.

 Баспасөз мәслихаты барысында спикер   қойылған сауалдарға жауап қайтарды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here