Тіркеу рәсімі жеңілдемек

0
235

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтпек. Осыған байланысты, қазір мамандарды  арнайы оқу курстарынан өткізу жұмыстары қолға алынып, басқа да дайындықтар пысықталуда. Бұл біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету уақытын және тіркеу шығынын қысқартуға тың жол ашса, екіншіден, әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мол мүмкіндік береді дейді мамандар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі берген мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтардың кешенді түрде қызмет алуына қолайлы.  Мысалға, бүгінгі таңда азаматтар жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚКО арқылы бір өтінішпен ұсынылатын болады.

Нақты айтқанда, нотариалды куәландырылмаған шарттар мен құқықтарды тіркеу бойынша қызмет алу тәртібі де өзгереді. Қазір алдымен  қызмет алушы Әділет министрлігінің жергілікті бөлімшесіне барып, нотариалды куәландырылмаған шарттар бойынша қызметті алған соң корпорацияның фронт-офисіне құқықтарды тіркеу үшін құжаттарын тапсырады. Функциялар мемлекеттік корпорацияға өткенде, азаматтар ХҚКО-на келіп, бұл екі қызметті бір өтініш бойынша ала алады.

Сондай-ақ, мәліметтерде қателіктер мен ақаулар кездесіп, ақпараттық жүйеге түзету енгізу керек болса, қызмет алушы Әділет министрлігінің бөлімшесіне бармай-ақ, сол жерде ХҚКО операторының көмегімен дұрыстауына болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here