Астана – ел жүрегі

0
265

Бүгінде еліміздің әр аймағында Елордасы Астананың 20 жылдығына арналған ауқымды шаралар қолға алынуда. Оған мемлекеттік мекемелерден бастап қоғамдық ұйымдарға дейін белсене ат салысып келеді. Осыған байланысты, Талдықорғанда мектеп оқушылары арасында «Астана – ел жүрегі» атты арнайы жыр мүшәйрасы өтті. Жас жеткіншектердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, өнерін шыңдайтын сайысты  қалалық ардагерлер кеңесі  ұйымдастырған.

фото А.Бейсенова

Аталмыш ұйым төрағасының орынбасары, Айтмұхамбет Ерасылұлы: «Жалпы ардагерлер кеңесі жастарды елжанды, Отансүйіштікке баулып, олардың санасына ұлттық әдеп, иба, салт-дәстүрлерімізді сіңіруді көздейді. Биылғы Астананың 20 жылдық торқалы тойы көпке ортақ. Оған ат салысу әрбір азматтың борышы. Өйткені, жыл сайын жасарып жайнап, заман ағымына қарай гүлденіп, көркейген Елордамыздың даңқы күллі әлемге аян. Бүгінгі жарысқа қатысушы жас қаламгерлер міне сол Астанамыздың жетістігін жырға қосып, айбынын асқақтатпақ. Әр қатысушы екі өлең оқуға міндетті. Оның бірі Астанаға арнау болса, екіншісі еркін тақырыпта» — деді.

Тіл сарайында өткен ақтық сынға жалпы қала мектептерінен алдын ала іріктеуден өткен 8 ақын қатысып, өнерлерін ортаға салды. Оған танымал ақын-жазушылар төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды  шаһардағы №4 орта мектептің оқушысы Әйгерім Сіргебаева жеңіп алса,  екінші орын жүлдесіне №10 орта мектептен Ботагөз Әбілмәжінова лайық деп танылды. Ал, үшінші орынды № 18, №15, №22 орта мектептің тәлімгерлері Гүлназ Аутай, Арайлым Темірбекова, Әділ Құттыбаевтар еншіледі. Оларға арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here