Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына орай бүгін велошеру өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыс шымылдығын Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы Абзал Жаншабай мен Алматы облыстық Андрей Кивилев атындағы веломектептің директоры Самат Сапажанов ашты. Алғаш сөз алған Абзал Керімбекұлы айтулы шара тек Талдықорғанда ғана емес, Республика бойынша барлық қалаларда өтіп жатқандығын тілге тиек етіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Өз кезегінде Самат Сәулетұлы жарыс ережесімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жас өнерпаздар әннен шашу шашып, мереке көркін қыздырды. Қала әкімдігі ұйымдастырған велошеруге мемлекеттік қызметкерлермен қатар оқушылар және ересектер болып, жалпы 50-ге жуық адам қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here