Жеңіске бірге жетейік

1
322

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтой қарсаңында «Жеңіске бірге жетейік» атты пейнтбол ойын түрінен қалалық ашық турнир өтті.

Шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі айналысуға  ықпал ету, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, жастардың спорттық шеберліктерін арттыру. Алғаш болып сөз алған жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ АОФ-ның төрағасы Бахтияр Жақсыгелдинов «Кез келген спорт түрінің адам өмірінде алар орны ерекше деп білемін. Ата-бабаларымыз «Тәні саудың — жаны сау» деп тегін айтпаса керек-ті. Салауатты өмір салтын ұстану әр азаматтың міндеті» — деп қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойынға 10 команда қатысып, бақтарын сынады. Төрешілердің шешімімен ерекше мергендіктерімен көзге түскен «Энергоқуат» құрамасы жеңімпаз атанса, 2-орынды «Талдықорған жастары» , 3-орынды «Креатив» құрамалары  иеленді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here