Ескерткіштер – тарих белгісі

0
392

Сәуір айының 18-ші жұлдызы Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні. Осыған байланысты Талдықорған қалалық мәдениет және тілдерді дамыу бөлімінің бастамасымен бірнеше еске алу шарасы өтті. Соның бірінде шаһардағы №2 орта мектептің ұйымдастыруында қала халқы орталық саябақтағы «Даңқ обелискісі» алдына гүл шоқтарын қойып, ел боздақтарын еске алды.

фото Д.Жаныс

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ерлікке тағызым» атты шарада сөз алған  қалалық мәдениет және тілдерді дамту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Рысбаева: «Бұл еске алудың жас жеткіншектер үшін тәрбиелік мәні зор. Себебі, олар осындай игі шаралар арқылы ел боздақтарының ерен ерліктерін үлгі етіп, болшақта елін, жерін, Отанын  қорғауға шабыт алады» -деді. Осыдан соң жиналған қауымға арнайы басып шығарылған «Ескерткіштер – тарих белгісі» атты жаңа кітапша таратылды. Кітапшада Талдықорған қаласы аумағына орналасқан Республикалық және жергілікті маңызы бар көптеген тарихи-мәдени  ескерткіштердің суреттері енгізілген. Сондай-ақ, онда ескерткіштер туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жан-жақты ақпараттар бар. Шара барысында мектеп оқушылары жан тебірентетін асқақ әндерін шырқап  көпшілікті сүйіндірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here