Жаңа әлемге жол салатын жастар!

0
287

Ел ертеңі жігерлі жастың қолында, елдің қуаты мен қозғаушы күші де  –жастар. Осы ретте, жастардың басты саяси күші — «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты!

«Жас Отанның» мақсаты – айқын, міндеті – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек ету. Тәуелсіздік жылдары кемел келешек үшін жарқын істердің бастамасы болуда. Осындай маңызды мақсат-міндеттерді іске асыруда жастардың бір арнаға қосқан ұйымның IV съезі де өтті.

Екі күн қатарынан түрлі форматта өткен шарада, алғашқы күні съезден бастау алып, күн тәртібінде маңызды сұрақтар қаралды. Съезд соңынан 5 сессияға бөлініп, жастар түрлі бағыттағы тақырыптар бойынша пікір алмасып, өз жобаларын қорғады.

Екінші күні үлкен гала-форуммен жалғасып, еліміздің бетке ұстар бір топ жастары сөз алып, өз жетістіктерін де паш етті.

Шындығында,  жастар саясаты және ел дамуы туралы мәселелер қозғалғанда «Жас Отанды» айналып өтуге болмайды. Себебі, бұл ұйымның жастары әрдайым игі істердің алдыңғы сапында жүретін бұл ұйым кез келген саланың мамандарын, көшбасшы белсенділерін өз мектебінен өткізіп, үлкен тәжірибе беретіні бұлжымас шындық. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  сенімді серігі болған ұйымның жастары әрдайым ел игілігіне адал қызмет ете бермек!

Ғазиз АМАНЖОЛҰЛЫ, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты IV съезі делегаты, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here