Мен кетіп қалған жоқпын ба?

0
286

Фотоаппаратын арқалап жүгіріп әбден шаршаса керек, көк жайлауда өткен бір ақындар айтысында «Жетісу» газетінің фототілшісі Жұмабай Мұсабеков киіз үйге кіріп ұйықтап кетіпті.

Жұмабай бірде оянып көзін ашса, бас жағында сақалы қауқиып айтыскер ақын Балғынбек Имашев, аяқ жағында ақын Жұматай Әміреев отырыпты.  Сонда бас аяғында отырған екі діндар адамға қараған Жұмабай: «Астафир Алла, мен кетіп қалған жоқпын ба?» — деген екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here