Талдықорғанда Жазушылар Одағының филиалы ашылды

0
373

Алматы облысының орталығы Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Жазушылар Одағының филиалы ашылды. Аталмыш бөлімшенің директоры болып Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар және мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, танымал ақын Ерлан Жүніс тағайындалды. Жаңа басшыға аға буын өкілдері ақ батасын беріп, қызметіне табыс тіледі.

фото А.Нұршанов

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен өткен басқосуда  Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек аймақ қаламгерлеріне жаңа филиал басшысын таныстырды. Жас дарын иесі Ерлан Жүніс «Хауас», «Үміт жырлары» сынды бірнеше жыр жинағының авторы. Оның орамды ой, өткір тілмен жазылған әр шығармасы өлеңсүйер оқырман қауымға кеңінен таныс. Енді ол Одақтың өңірдегі бөлімшесін басқарып, ұлт мәдениетін ұлықтайтын түрлі рухани шараларға атсалыспақ.  Бүгінде аймақта Одақтың 120-дан астам мүшесі тұрады. Алдағы уақытта олардың қатары басқа да қарымды қаламгерлермен толықпақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here