Қала әкімі есеп берді

0
253

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалында  депутаттық фракциясының кезектен тыс отырысы өтті. Қалалық, облыстық  сала басшылары мен халық қалаулылары және БАҚ өкілдері шақырылған басқосуда шаһар әкімі Бағдат Қарасаевтың есебі тыңдалды.

фото А. Нұршанов

Депутаттық фракция мүшелері алдында жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына кеңінен тоқталған Бағдат Әбілмәжінұлы: «Біз өткен жылды толағай табыстармен тәмәмдадық. Қаланың дамуы мен өркендеуі жолында жеткен жетістіктеріміз аз емес. Нақты айтқанда, халыққа ең қажетті жарық пен жылу, ауыз су, жол, тұрғын үй мәселелері төңірегінде бірқатар жұмыстар оң шешімін тапты. Атқарылған істер баспа беттері арқылы жария етілді. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Біз ақпарат құралдарымен бірге жұмыс жасап келеміз. Сондықтан, сын-ескертпелерді қабылдап, дер кезінде жоюға тырысамыз.  Мәселен, тазалық бойынша жазылған сын-ескертпелердің көбісі бір тәуліктің ішінде шешілді. Бірақ, кейбір сұрақтарға жауап беру белгілі бір уақытты талап етеді. Мысалға, жолаушылар тасымалы бойынша конкурс нәтижелері сәуір айының ортасында белгілі болады. Ал оған дейінгі түскен сындарды біз бір тәулік немесе бір аптаның ішінде жоя алмаймыз. Себебі, оның өз уақыты бар. Байқау аяқталғанда жолаушы көліктерінің мәселелері толық  шешіледі. Жол мәселесіне келсек, ауа-райы реттеліп, жер кепсе, газ құбырын жүргізу, өзге де жөндеу жұмыстары басталады. Ескере кететін жайт — қазіргі күннің өзінде газ құбыры өткен жерлердің көбіне қиыршық тастар төселіп қойылған. Сәуір айының ортасында асфальт зауыты іске қосылса, онда қаланың жол құрылысы дерлік қолға алынып, жол жөндеу жұмыстары 80-90 пайызға аяқталады » — деп атап айтты. Осыдан соң Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ә.Қанағатов, қалалық мәслихат хатшысы Қ.Бұлдыбаев жеке-жеке сөз алып, БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берілді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here