Ел тарихы- кемел келешек

0
248

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы№18 орта мектеп – лицейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Елбасының ел  тарихы мен оның ертеңіне деген көзқарасының болашақ үшін тағылымды тарих екенін оқырмандарға ұғындыру, жеткізу мақсатын көздеген шара  оқушылардың  қызығушылығын туғызды.

Мектеп кітапханашысы Мария  Ботаева   кіріспе сөзінде: « Бүгін сіздермен үлкен тарихи еңбектің талқылауын өткізбекпіз. Ол еңбек – Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы. Бұл  кітап тарихи публицистика  жанрында жазылған, онда еліміздің тарихының жаңа беттері  мен оның ертеңіне деген көзқарасы баяндалған.  Тәуелсіз мемлекетіміздің  26 жылдық қалыптасу кезеңдері сараланған. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді,-деді.

        Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашылып көрсетілген. «Бірінші және екінші жаңғыру аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғырудың мақсаты елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық  ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең  өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу екендігі баяндалған.

«Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туынды.Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады.  Тарих пәнінің мұғалімі Гүлнар Нұрахметова кітап  бөлімдері бойынша оқырмандарға түсіндіріп берді. Бұдан кейін оқушылар өз ойларымен бөлісті.

Мектеп директорының  ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары   Биғайша Қауметова: «Тәуелсіздік дәуірі»- әрбір  азаматымыздың  тағдыры туралы жазылған кітап. Мұнда барлық қазақстандықтардың шежіресі мен тарихы қамтылған. Сол себепті болашақта бұл кітап  жастар үшін терең білім алатын оқулыққа айналуы тиіс.  Егеменді ел болып, «Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш,тарихтың  үлкен бетбұрысы болғаны анық.  «Адам тағдыры  Отанымен тағдырлас»- дейді Елбасы.  «Қазақстанды жоғары  дамыған мемлекетке айналдыратын  азат ойлы жаңашыл да жасампаз азаматтар. Ол үшін әркім жан – жақты және кемел  білімге ден қойып, өзін – өзі толассыз жетілдіруді өмір салтына айналдыруы қажет» — деп конференцияны қорытындылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here