Наурыз мерекесінде жиырма қазан палау тегін таратылады

0
595

Жетісудың астанасы Талдықорғанда өтетін Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Ипподромда ұлттық ойын түрінің бірі — салым көкпар,  “Жастар” саябағының аумағында “Наурыз көже” мен “Бауырсақ party”, қолөнер бұйымдарының көрмесі,  спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, жиырма қазан палау тегін таратылатын болады. Осы және өзге де бірқатар ақпараттар  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Жиынға қатысқан  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай мен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев аталмыш мерекенің аймағымызда атап өтілуі жайында кеңінен тарқатып берді. Ғабит Тұрсынбайұлы: “Қазақстандықтар үшін Наурыз мерекесі биыл ерекше басталуда. Осы кезеңде бір-біріне жақсылық жасау, қуанту, сыйлық сыйлау  халқымыздың ежелден келе жатқан қалыптасқан дәстүрі. Біздің өңірімізде  көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Соның басым көпшілігі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында атқарылады. Себебі, Наурыз берекелі жылдың басы”-деп мерейлі мерекенің 14 наурыз Көрісу күнінде бастау алғандығын тілге тиек етті.  Айта кетейік, мәдениет өкілдері облысымызға қарасты ауыл, ауданды  аралап  концерттер ұйымдастырып, мерекелік шаралар салт-дәстүрлер шеруімен жалғасын табады.

 “Наурыз ауылына” бес қазақ үй тігіледі. Талдықорғандықтар эстрадамыздың жарық жұлдыздары Жанар Дұғалова, Айгерім Қалаубаева, Олжас Абай, Мұқасан Шахзадаевтың әсем әнімен қатар акробаттардың да өнеріне куә болады.  “Жалпы мерекелік шара “Жастар” спорт кешенінің, “Рухани жаңғыру” орталығының аумағында және “Жастар” саябағының алаңында  өтеді. Мейрам әдеттегідей  бұлақ көзін ашудан басталады. Жиналған қауым биыл облыс ақындары арасында өтетін   айтысты тамашалай алады. Наурыз -жыл басы. Жер-Ана бусанып, тіршілік жанданатын кезең. Осыған сәйкес саябақта “Наурыз тал отырғызу”  рәсімі жүргізіледі. Яғни, шараға қатысқысы келетін барша жанға   көшеттер таратылады”-деп Марлен Қапашұлы атап өтті.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here