Ауырмайтын жол ізде

0
313

Елбасы биылғы халыққа арнаған кезекті Жолдауында: «Қазіргі   денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге  емес, негізінен аурудың алдын алуға, сонымен бірге саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек»- деп атап көрсетті.  Жастарға қызмет көрсету  орталығында « Алматы облыстық  салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» ЖШС  БАҚ өкілдерімен баспасөз  конференциясын өткізді.

Орталықтың  басшысы Арслан Индершиевтің  айтуынша,  елімізде 2025 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарында « Салауатты өмір салтын насихаттау» міндеті қалыптасқан, онда салауатты өмір салтын ұстанатын, дұрыс тамақтанатын, спортпен шұғылданатын  адам санының көбеюіне ерекше назар аударылған. Қазақстанда соңғы 20 жылда салауатты өмір салтын қалыптастыру саясаты  жүзеге асырылып келеді. Аталмыш орталық  Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өңіріміздегі 16 аудан мен 3 қалада өткен жылы 55 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырыпты. Кең ауқымды акция, семинар, дөңгелек үстел, флеш-моб түріндегі шараларға 700 мыңнан аса облыс тұрғындары қатысқан.

Мұнан өзге газет-журналдарда мақала жарияланып, стенд ілінген. Денсаулықты нығайтып, сақтау мәселелерін қамтыған миллионнан астам ақпараттық- кеңестік  кітапша және басқа да құралдар жарық көрген.  Ақпараттық білім беретін  стенд, аудио-бейнероликтер тұрғындар жиі баратын ХҚКО, автобекеттерге, мемлекеттік  кірістер басқармалары ғимараттарына  орналастырылды. Ал сауда орталықтарында, базарда радиолекция мәтіндері  туберкулезден, гепатиттен  сақтану,  темекі, ішімдік зияндығы  жөнінде тақырыпты қамтыды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде  өткізілген  шара жөнінде ақпарат берілді.

 Бүгінде  халық арасында жүрек-қан аурулары көбейіп отыр.  Бұл ауру белгілері, әсіресе, жас балалардың арасында  етек алуы  мамандарды алаңдатады. Оның бір себебі, толықтық,   қимыл-қозғалыс болмағандықтан денені май басады. Қазір  балалар компьютердің алдынан шықпайды.

 Содан кейін темекі, ішімдікті сататын дүкендердің білім ошағынан тысқары орналасуы, жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге  зиянды заттарды сатпау, қоғамдық ұйымдарда кальянды пайдаланбау турасында  түсіндірме жұмыстары жасалған. Аталған жұмыстар Алматы облысы тұрғындарының  денсаулығын сақтау мен нығайтуға,  адамдардың өмір жасын ұзартуға, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары  БАҚ өкілдерінің көптеген  сұрақтарына жауап берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here