Шайтанды біраз жерге қуыпсың

0
388

Бүгінде айтыс ақындарының басым бөлігі имандылыққа бет бұрған. Тіпті, барлық айтыскерлер бес уақыт намаз оқиды. Солардың бірі — қарағандылық Мақсат Ақанов шариғатқа бет бұрып, діни жолда жүрген біраз азаматтардан уағыз тыңдапты.

Уағыз айтушылар да Ислам дінінің оның ішінде бес уақыт намаздың адам денсаулығына пайдалы жақтарын айтып, азан шақырылған жерге шайтан жоламайды депті. Сөйтіп, не керек, сал серілік өмірімен қоштасып,  алғаш намазға жығылған Мақсат сүннет намазға бір, парыз намазға бір, күніне он-он бес рет азан шақырып намаз оқиды екен. «Білмеген жердің ойлы шұңқыры көп» демекші, Мақсат ақынның ағаттығын сезген имам оған: «Азанды күніне 5 рет қана шақырады» депті. Мақсат сонда: «Менікі күнә болды ма?», — десе, имам: «Жоқ, бірақ шайтанды біраз жерге дейін қуыпсың,» — деген екен.

 

А.БҰЛҒАҚОВ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here