«Соңғы жылдары Талдықорған қаласы абаттандыру бойынша үлкен деңгейге жетті. Облыс орталығында тұрғындар демалу үшін көптеп саябақтар, скверлер салынды. Міне осы тәжірибені біз өзімізде қолданып жатырмыз. Алдағы уақытта Үшарал да Талдықорған секілді ждасыл қалаға айналады». Бұл туралы бүгін Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев мәлімдеді.

«Біз былтыр аудан орталығында «Жастар» аллеясын аштық. Үшаралдың орталық саябағын жаңғыртуды бастадық. Биыл бұл жұмысты аяқтауға тағы 90 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ, «Талапкер» шағын ауданында да саябақ салынады. Оның жобалық құжаттарын жасауға да қаржы қарастырылып отыр. Нәтижесінде, Үшарал таяу жылдары жасыл желекті, саябағы көп қалаға айналады» дейді аудан әкімі.

Брифинг барысында аудан басшысы Алакөлдің былтырғы жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Соңында журналистер саулдарына жауап берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here