Солтүстікке барғандар баспаналы болып, кәсібін өркендетеді

0
329

Солтүстік Қазақстан облысы  биыл  Алматы өңірінен  қоныс аударатындар   үшін  1162 бос жұмыс орнын беруге әзір.  Бұл  туралы  Алматы облысына арнайы келген Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды  үйлестіру басқармасының өкілдері мәлімдеді.

 Жалпы, елімізде ішкі ең­бек миг­рациясына соңғы жылдары ерекше көңіл бөліне бас­тады. Ал игі  бастамалар мен нәти­желі іс-шаралардың негізі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  дәстүрлі  Жолдауынан бастау алып отыр. Жолдауда «басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігі» айтылған болатын. Осы орайда, Ел­басының  тапсырмасы бойынша «Нәти­желі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағдар­ламасы» іске асырылуда.

Елі­міз­дің Қостанай, Павлодар, Сол­­түс­тік Қазақстан, Шығыс Қазақ­­­стан облыстарынан келген де­ле­­гацияның қатысуымен  жұмыссыздарға арнал­ған «Өңір­аралық бос жұмыс орын­дары жәрмеңкесінің» ұйым­дас­ты­рылуы да бағдарлама шең­берін­де атқарылған іс-шараның бірі.

 Жастарға қызмет көрсету  орталығында  өңіраралық бос орындар жәрмеңкесі  өтіп,  Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс беруші мекемелері мен аудандары келді.  Теріскейлік   меймандар жер­гілікті тұрғындарға бос жұ­мыс орындарын ұсынып, жасала­тын жеңілдіктер жөнінде мағлұ­мат берді. Мысалы, Солтүс­тік Қазақ­стан облысы  бүкіл Қазақстан бойынша ең үлкен егістік жері бар астықты өңір саналады.

«Біздің ұсыныс­тары­мыз ұнап, жұмыс істеу үшін солтүстікке көшетіндерге үй, жер беріледі. Ал  кәсібі мен  шаруашылығын әрі қарай дамуы үшін түрлі көмек­тер көр­сетіледі. Сондай-ақ, педа­го­ги­ка­лық, техникалық,  медициналық, ауыл шаруашылық  және де басқа  маман­дықтар бойынша бос орын­дар көп. Осы жолғы сапарымызда  1162 бос жұмыс орындарын  тұрғындарға  ұсындық»  , – де­ді  делегация өкілдері. Кәсiбi бар, бiрақ бизнесiнiң ауқымын солтүстiк өңiрлерге барып кеңейткiсi келгендер де бағдарламаға қатыса алады. Шаруашылық ашып, мал бордақылау немесе сауда-саттықпен айналысатындарға сұраныс үлкен. Кәсiпкерлiкпен айналысушы азаматтар өзiнiң дайын бизнес-жоспарымен барса, жеңiлдетiлген несие  алуына болады.

 Мәселен,  Солтүстiк Қазақстан облысында үлкендi-кiшiлi 3 мың көл бар. Бұл дегенiңiз балық шаруашылығын, үйрек, қаз өсiретiн құс шаруашылығын дамытуға таптырмайтын мүмкiндiк.

Айта кетерлiгi, басқарма тарапынан берiлетiн жолдама жол шығынын төлеуге, жұмыс және баспанамен қамтамасыз етуге кепiлдiк бередi.  Жұмысы бар  аймаққа көшіп бару үшін жолдаманы қалай алуға болады –деген сауалға  үміткер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына барып, өтініш білдіреді. Сол жерде анкета толтырып, өзі  жайлы  толық ақпарат береді. Сонымен бірге баспаана қажеттілігі турасында көрсетеді. Толтырылған анкета бойынша сала мамандары көшті қабылдайтын аймаққа сұрау салады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне теріскейдің 13 ауданы мен бір қаласы қатысты. Бұл шарада   Талдықорған қаласының ғана емес, Көксу, Ескелді,  Қаратал аудандарынан жұмыссыз азаматтар келіп  қатысып,  түрлі кеңес алды.  173 адам қоныс аудару, жұмыс, жалақы мөлшері, баспана және  көмектер турасында   сұрақ қойды.  Солтүстік Қазақстан облысы делегациясы Сарқан ауданында кездесуді жалғастырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here