Бүгін, 9 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақтайды. Республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауады деп хабарлайды «Қазгидрометке» мамандары.

Еліміздің кей бөлігінде тұман түсіп, жел көбейеді деп күтілуде. Нақтырақ айтқанда, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарын тұман басу ықтималдылығы жоғары. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Ал, Талдықорғанда бүгін ауа температурасы күндіз -12, кешке -13 градус деп болжанса, түнде -19 суықтықты көрсетеді. 10 ақпанда да ауа температурасы қалыпты болмақ, күндіз -12, кешке -10 нөлден төмен болады дейді синоптик мамандар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here