Өлеңім, жұртым, өзіңе мәңгі аманат

0
381

Ақпан айының 10 жұлдызы жер жаннаты Жетісудың желмая ақыны Есенқұл Жақыпбековтың туған күні.  Айтулы күн қарсаңында Талдықорған қаласындағы Достық үйінде «…Өлеңім, жұртым, өзіңе мәңгі аманат» атты еске алу кеші өтті. Шараны Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен М.Тынышбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайы ұйымдастырған.

фото Назерке Сейсенбаева

Рухани кешке ақынның жары, туыстары, замандастары және бірқатар ақын-жазушылар мен  әнші-термешілер, сондай-ақ, өнерсүйер қауым қатысты.  Кешке келген қонақтар алдымен ақынның көрмеге қойылған құнды бұйымдарымен танысты. Онда ақынның көзі тірісінде қолданған жеке заттары, музыкалық аспаптары, құжаттары мен фото материалдары қойылған. Аталған мұражайдың бөлім меңгерушісі Бауыржан Құрманұлының айтуынша, көрмеге қойылған барлық затты ақын өмірден өтер алдында өзі  табыстаған. Ал, ақын өмірінен өзекті сыр шертетін бейнекөріністермен шымылдығын түрген кеште үзеңгілес достары естелік әңгімелер айтса, шәкірттері тағы басқа да өнерпаздар оның өлеңдерін оқып,  әндерін орындады. Пенделіктен ада кішілігі мен кішіпейілдігі қатар жүретін қарапайым жанның әр шығармасы да қарапайым. Қашанда халық жүрегіне жол таба білген. Жақында қаламгердің 80-нен астам өлеңі түрік тіліне аударылып «Жаз шуағында» деген атпен арнайы кітап болып басылса, Түркиядан шығатын «Бауырлас  қалам» журналы ақпан айының санын ақын шығармашылығына арнаған. Жалпы, биыл Есенқұл ақынға 65 жыл.

«Ескі доспен кездескенде,

Есім шығып шын қуанып,

Өмір өтті-ау зырғып ағып,

Өсем деген ұлды бағып,

Кетем  деген қызды бағып,

Өмірімнің бара жатыр, жұлдызы ағып» деп,  жырлаған  ақын, қысқа ғана 60 жылдық ғұмырында  халқына өшпес рухани қазына қалдырып кеткен.

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here