«ZHETYSU PARADISE» жобасы бастау алды

0
328

Жетісу жерінің туризмін дамытуға бағытталған  «ZHETYSU PARADISE» жобасы бастау алды. Аталмыш жоба Елбасының «Цифрлық  Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы жоба авторлары Әділбек Әбілов, Талғат Шідербаев және Владислав Скрипай  хабарлады.

Тарихи деректерге сүйене отырып жасалған «motion design» форматындағы бейнеролик «Adobe after effect», «Adobe photoshop», «Adobe Premiere», «Corel drow», «Houdini», «Maya» сынды арнайы бағдарламалар арқылы жасалған. Айта кетейік, алғашқы жұмыс кезеңіне екі ай уақыт жұмсалған. Т.Шідербаев “Өзім осы өңірден болғандықтан, ерекше көңіл аударып жасадым. Жұмыс барысында 4 бағдарламаны қолдана отырып,  «Blender» арқылы Қазақстанның картасын, Жетісу жерін модельдедім”-деп бұл бағытта жұмыс жасау өте қызықты болғанын  атап  өтті. “Алдағы уақытта жобаны жалғастырамыз. Біз осы өңірдің тұрғыны болғандықтан, жеріміздің әсемдігін жақсы білеміз. Енді осынау таңғажайып табиғатымызды барша қазақстандықтарға, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерге паш етуіміз керек”-дейді Ә.Әбілов.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here