Сұлу сөздің саңлағы

0
348

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын Б.Өтетілеуовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Сұлу сөздің саңлағы» атты жиын өтті.

Б.Өтетілеуовтың әдеби саладағы еңбегі тым шағын. Мұның әр алуан себептері де бар болуы мүмкін. Соның ішінде ең негізгісі – ақынның денсаулығының кемдігі болса керек. Көп жылдар бойы аурудан азап шеккен Бекеттің өзі де мұны кейінгі кезде жазған хаттарында атап көрсетті.  Әйтсе де, әдеби еңбектің мәні мен маңызы оның көлемімен, не көптігімен  өлшенбейтіні хақ.  Бекет өзінің әдеби саласындағы аз ғана еңбегімен қазақ әдебиетіндегі жақсы дәстүрді, атап айтқанда, орыстың озық мәдениетін, орыс әдебиетінен шығармалар аудару арқылы тарату, насихаттау дәстүрін онан әрі жалғастырады. Орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылған нұсқалары қазақ оқушыларын орыстың классикалық әдебиетіндегі үлгілермен таныстырды, осы арқылы қазақ жастарын озық мәдениетке азды-көпті жақындатып, оны меңгеруін жеңілдете түсті, оған деген ынта – жігерін арттырды, орыстың демократиялық мәдениеті мен әдебиетінің шын мәнінде озық екендігін таныта түсті. Оның аз ғана еңбегі осы жағынан тиісінше бағаланып, әдебиетіміздің тарихынан да сол тұрғыда өзіндік орын алуға тиіс. Шарада ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында айтылып, ақын туралы жазылған кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар «Жазушыдан» өлеңімен «Түлкі мен Жеміс» аудармасын Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Ү.Князбек пен М.Қатарбай оқыды.

А.Арапова,  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының  кітапханашысы

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here