Өлмегенде қайтеді?

0
371

Тырнақ астынан кір іздеймін деген адамға, күніне қырық сылтау табылады ғой. Мұндайда басынан сөз асырмайтын адамға тап болсаңыз, тауыңыз шағылып, жігеріңіз үгілді дей бер.

Бірде Оңтүстік қазақстандық айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков бір бейтаныс адамға қол беріп амандасыпты. Аманан соң әлгі адам жалма-жан қолын сүртіп жатыр дейді.

Таңданған Бекарыс: «Не болды, аға?» десе, әлгі адам «Сендер шымкенттіктер өлген қойды жейсіңдер, қолдарың таза емес», — депті.

Сонда Бекарыс:

«Сізде қызық екенсіз, қойды сойған соң өлмегенде қайтеді?» — деген екен.

 

А.БҰЛҒАҚОВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here