Талдықорғанда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытылуда

0
412

Қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы  №10 мектеп-гимназиясында тәжірибе негізінде  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты пән оқытылуда. Мұндағы мақсат – мектеп оқушыларына кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар көрсету, оларды кәсіпкерлік қызметке дағдыландыру болып табылады.

Дереккөз

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту бөлімінің» сарапшысы Ардақ Качкарова «Пән пилоттық режимде оқытылып жатыр. Оның қорытындысы бойынша алдағы уақытта өңіріміздің барлық мектептеріне енгізу жоспарланған. Оқушыларға білім беру процесіне мұғалімдермен қатар кәсіпкерлер де қатысады. Бағдарлама бірнеше кезеңдерге бөлінген, оқыту біртіндеп өткізіледі. Курс соңына қарай мектеп түлектерінің кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білімдері қалыптасады», — дейді. Жауапты мамандардың айтуынша, теориялық және тәжірибелік сабақтар белгілі кәсіпорындарда өтеді. Яғни, табысқа жеткен кәсіпкерлермен кездесіп, шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік болмақ. Оқушыларға алғаш болып дәріс оқыған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Александр Кузнецов «Қандай бизнес түрін ашсам болады және ақшаны қайдан аламын? деген сұраққа былай жауап бергім келеді. Өзгелерден үздік меңгерген, «қолымнан келеді» деген іспен айналысу керек және көрсетілетін қызметтің сұраныс деңгейін білу қажет. Сұраныс бар болған тұста тауарды немесе қызметті білетін болады, оны сатып алады және ісіңіз өрге домалайды. Кәсіпті өз қаржыңызға бастаған дұрыс. Әрине, бұл қиын болғанымен, ең тиімді жол болып саналады», — деп түрлі сауалдарға жауап берді. Айта кетейік, алдағы уақытта Білім және ғылым министрлігі сынама пәнді еліміздегі барлық мектеп, колледж, ЖОО-ның бағдарламасына енгізуді жоспарлауда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here