Тұрғындар мәселесі әкім назарында

0
283

Елбасының  Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді. Осыған орай Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың кезекті кездесуі қала орталығының тұрғындарымен жалғасын тапты.

Жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылар міндеттер сарапталды. 2017 жыл талдықорғандықтар үшін қауырт жұмыс кезеңі болды. Нәтижесі де көңіл қуантарлық. Атап айтар болсақ, Салтанат сарайы, Көрме кешені, “Рухани жаңғыру” орталығы  қолданысқа берілді. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім берумен қамтуда 95,7 % көрсеткішке жеттік. Жыл басынан бері 475 орынды 6 жекеменшік балабақша ашылды. Қазақ-түрік лицейі, №10 мектеп, дарынды балаларға арналған №20 лицей мен №45 балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаланы тазалау, абаттандыру жұмыстарына 2 млрд.теңге қаражат бөлінді. Шаhарымызда 11 мыңнан астам ағаш егілді, атап айтар болсақ  бирючина 7,0 мың, жапырақты ағаштар 3,2 мың, қылқан жапырақты ағаштар 0,9 мың дана. Бағдат Әбілмәжінұлы “Жастар” спорт сарайынан  АКЛ-ға дейінгі аралық  “Қаратал” жағалауы тәрізді болатындығын тілге тиек етті. Өткен жылы жол құрылысы мен жөндеу, саяжай қоғамдарындағы электр желілерін жаңғырту, абаттандыру, санитарлық және экологиялық жағдай, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету сынды  бірқатар мәселелер талқыланған. Кездесулер қорытындысына сәйкес арнайы жоспар бекітіліп, бүгінгі таңда барлығы дерлік өз шешімін тапқан. Биыл да тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге байланысты сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.

А.Нұршановтың фотосы

СҰРАҚ. Базардағы бағаны тұрақтандыру мәселесін қадағаласаңыздар.

ЖАУАП. Қазіргі таңда үкіметтің қаулысына сәйкес азық-түліктің 19 түрінен бағаны бақылаймыз. Алайда, заңға сәйкес барлығын дерлік назарымызда ұстай алмаймыз. Жақында бір кәсіпкер зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларына арнап әлеуметтік дүкен ашайын деген өтінішін білдірген болатын. Арнайы орын дайындаудамыз.

СҰРАҚ. “Шығыс” шағын ауданында мектеп салу жоспарда бар ма?

ЖАУАП. Аталмыш ауданға биылғы жылы жаңа мектеп саламыз деп уәде бере алмаймын. Бала санына байланысты қажеттілік туындап жатса, алдағы уақытта қарастырамыз. Жақын арада мектеп салу жоспарда жоқ.

СҰРАҚ. 2014 жылы 7 шағын ауданынан мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алғанбыз. Тұрғанымызға 3 жыл  уақыт болды. Бірақ, қолымызда ешқандай құжат жоқ.

ЖАУАП. Осы жағдайға қатысты бірқатар мәселелер туындаған болатын. Жаңадан бой көтерген аудандарды 6,7 шағын аудан деп атап кеткен. Алайда, жаңа заңға сәйкес әр ауданның атауы болуы тиіс. Қараша айында осы аймақтардың атауы бекітіліп, тіркеуге өткіздік. Атауы бекітілген соң құжаттарын қолдарыңызға тапсырамыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here