Мақсат – мемлекеттік қызмет сапасын арттыру

0
470

Талдықорғандағы Рухани жаңғыру орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын зерттеуге байланысты арнайы жиын өтті.  Оған әр мекеме басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және  БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуды облыстық ішкі саясат басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті  ұйымдастырған.

Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, орын алған кемшіліктерді бірге талқылау. Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабековтің айтуынша, бұған дейін аймақтағы мемлекеттік қызмет көрсету саласына қарапайым халықтан пікір алу арқылы жан-жақты қоғамдық зерттеу жүргізілген. Бұл бастама әрбір аудан, қалалардағы қызмет көрсету орталықтарымен ондағы қызмет көрсетушілерді толық қамтыған. Соның нәтижесінде, кейбір орталықтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлардың жасалмауы, кезек күтушілерге арналған арнайы орындардың болмауы, сынды бірқатар кемшіліктер анықталған. Аталған  басқосуда осындай олқылықтарды түзетуге тиісті ұсыныстар жасалды. Әрі бұдан былай оның алдын алу, жою, болдырмау үшін  нақты тапсырмалар берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here