Жолдауға-қолдау

0
412

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының Пленумы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ мәжіліс залында өтті. Пленум отырысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын орындауда білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының міндеттері және 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы қаралды.

 Аталмыш сала кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыровтың төрағалығымен өткен жиынға Алматы облыстық  кәсіподақ орталығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Қыдырманов., «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің, оқу  орындарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, бақылау-тексеру комиссиясының  мүшелері,   басқа да салалық кәсіподақ ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Алқалы отырыс барысында кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері  Жолдаудың өзектілігіне тоқталып, маңызды құжаттың негізгі басымдықтары туралы сөз тарқатты.

Садық Әбдіқадыров,  білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы:

Елбасының әр жылғы Жолдауы — ел дамуы  жолындағы негізгі бағдаршам. Адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі межеміз және осы арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы өзгерістер жасап, дамыған алпауыт елдер санатына қосылуға болады,-деді.

 Баяндамашының сөзіне сүйенсек, соңғы  үш жылда  облыста  25 820  мұғалім (77,9 %)  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда химия, физика, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Бүгінгі күні орыс және ағылшын тілдері  қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. Нәтижесінде жас өрен қажетті деңгейде үш тілді меңгеріп, бәсекеге қабілетті болады.  Осы ретте, ағылшын тілінде мұғалімдерді оқыту үшін тіл курстары ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда, 1095  пән мұғалімдері арнайы курстан өтіп, сертификат иеленсе, 110 ұстаз оқуларын жалғастыруда.

Өткен жылы Алматы облысы бойынша  35 мектептің  құрылысы жүргізіліп, оның 24-і жаңа оқу жылында  пайдалануға берілді.

Ал 610 балабақша мен 412 шағын орталығында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 70 мыңнан астам бала қамтылып отыр. Бұл жалпы қажеттіліктің 95,3 пайызын құрайды. 2018 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 98 пайызға  жетеді деп күтілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here