Үйдегі боран

0
313

Тілеухан Затыбаев деген ақын жерлесім болды. Ақындығымен қатар тап бермеде тауып айтып, үнемі елді күлдіріп жүретін. Ара-тұра ішіп кетіп, үйіне есін жиғанда бірақ оралатыны тағы бар.  Қақаған қыс күндерінің бірі екен. Көршісі  аулаға  кірсе, Тілеухан жеңіл киімімен есігінің алдында екі құлағын қолымен басып  тұрыпты. Оған таңдана қараған көршісі:

  • «Әй, Тілеухан не істеп тұрсың мына қатты боранда, үйіңе кірсеңші» — депті.

Сонда Тілеухан:

  • «Үйдегі боран сырттағы боранан да қатты болып тұр ғой» — деген екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here