Келін қандай бақытты

0
384

Бір  демалыс  күні іргелес отырған екі үйдің  отағалары аула ішінде жолығып  ұзақ әңгімелесіп тұрыпты. Кетерінде жасы үлкен біреуі  кішісіне үйге кір-үйге кір депті. Үйге кірген соң :  — Ал, інім  қазақта «Қуыс үйден құр шықпа» деген сөз бар.  Кел  екеуміз бір-бір  шөлмектен  тартып  жіберейік депті.

Кішісі :  — Рахмет аға, мен ішпеуші едім деп,  бойын ала қашыпты.    Сонда   таңдана қараған көршісі:

  • «А, келін қандай бақытты,  ә !» — деген екен.

                                          Бойыңыз  неге аласа?

Бойы өте аласа  бір ақсақал шешкен киімін ілуге қолы жетпей жатыпты.  Оны көрген немересі: — Ата – ата, осы сіздің бойыңыз неге аласа? – деп сұрапты.

Сонда атасы:  — «Е,  балам  мен туған жылы жаңбыр өте аз құрғақшылық болыпты»  деген екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here