Мемлекеттік қызмет — маңызды міндет

0
493

Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Елбасының әр жылғы  халыққа Жолдауы — тарихи құжат. Ол белгілі бір мерзімде нақты міндеттер жүктеп, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Биылғы Жолдауы жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революцияға бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу керектігін айқындап берді. Мұнда негізі 10 мәселе атап көрсетілген. Жолдаудың  сегізінші тармағында, яғни тиімді мемлекеттік басқару мәселесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты жан-жақты айтылған. Соның ішінде  «Бір терезе» қағидасы бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыру, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» талабында жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіндігі нақтыланған.

Бұл жұмыстар бизнес үшін әкімшілік жүктемені барынша азайту, түрлі рәсімдерді жеңілдету және бизнестің мемлекеттік органдармен өзара селбесуіне тың  жол ашу мақсатында жасалмақ. Атап айтсақ, соңғы жылдары жүргізілген кешенді және жүйелі реформаларды іске асырудың нәтижесінде әкімшілік кедергілер барынша азайды.  Мемлекеттік  қызмет көрсету сапасы артты. Бұдан былай  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толық электрондық нұсқада беріп, азаматтарды әртүрлі анықтамаларды алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр ететін істерден біржола арылуымыз қажет.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдердің «электрондық үкімет» порталымен жеткілікті ықпалдастырылуын, мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруды және процестердің үздіксіздігін (өтініш беру мен қызмет нәтижесін алу аралығының ажырамауын) қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілу шарт.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы әр адаммен туылған сәтінен бастап өмір бойы тығыз қатынаста болады. Сондықтан, қызметтер халықтың мұқтажын шешуді жеңілдетудің құралы болуы керек.

Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін тоқтаусыз жетілдіруге, қызметтерді оңтайландыруға және автоматтандыруға, сапалы қызмет алу үшін азаматтарға барлық қолайлы жағдайды барынша жасауға міндетті.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here