Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қояды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.
Осыған бірнеше мысал келтірген Д. Абаев: «Бұл — негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің «минус» болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз. Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады», дейді. Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілмек. Енді абоненттер клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейді.

Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here