Мәжіліс депутаттары — коттеджді қалашықта

0
394

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов пен Серік Сапиев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Алматы-Талдықорған күрежолымен кіреберіс ауданында  бой көтерген  жайлы коттеджді қалашықтың құрылыс барысымен танысты. «Нұр  Отан» партиясының  Алматы облыстық және Талдықорған қалалық  филиалы өкілдері мен  партия фракциясының жанынан құрылған комиссияның мүшелері де құрылысты бірге аралады.

Мердігерлердің айтуынша,  қолға алынған үйлердің  әр пәтер аумағы  80-130 шаршы метр аралығында болады. Құрылысқа  отандық өнімді қолдануда. Ең бастысы- тұрғын үйді уақытында тапсыру. Мәжіліс депутаттары инженерлік коммуникацияларды тарту, мектеп, балабақша, сауда орындарымен қамтылу жайлы да  сауалдарын мердігерлерге қойды.

Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 11 үй пайдалануға беріледі. Аумағы 83 мың шаршы метр баспананың құрылысы шаһардың оңтүстік-батыс және шығыс аудандарында жүріп жатыр. 2017 жылдың өзінде аталған бағдарлама бойынша 336 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді. 55 пәтерлі коммуналдық және 3 несиелік үй қолданысқа өтті. Осылайша өткен жылы шаһарымыздың 865 отбасы баспанамен қамтылды. Қазіргі таңда қала бойынша пәтер және жер телімін алуға ниет білдргендер саны артып отыр.

Кезек санын азайтуға жаңа коттедж қалашығының да себі тимек. Оның инфрақұрылымы тартылып, жері дайын тұр. Бас-аяғы 607 үй салынбақ, ал  40 үйдің іргетасы қаланды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын коттеджді қалашықтың құрылысы жүргізілуде. Пилоттық жобаның алғашқы кезегінде 48 пәтерден тұратын 12 таунхаус бой көтермек. Мамандардың айтуынша, бұл сәнді баспаналардың әрбір шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды. Жалпы коттеджді қалашықта 600-ден астам зәулім үй салынып, қала келбетін ерекше ажарландыратын болады. Олардың барлығы жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алудың кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Қазір қалада ондай адамдардың қатары 40 мыңға жуық болса, облыс бойынша 148 мыңға жетіп отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here