Жаңа форматтағы ертегі

0
356

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру негізінде республикамыз бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.

Жастарымыздың тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өмір сүріп отырған  заманға лайықтанып, көңілдегі көксеген мұраттарға қол жеткізу үшін оларға даңғыл жолды көрсету сіз бен біздің міндетіміз. Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы да бұл ретте жас ұрпақты рухани тәрбиелеу жолында өз үлестерін қосуда. Оның дәлелі Е.Әбдірештің «Космос құтқарушылары» атты фантастикалық ертегісі. Аталмыш ертегі қазақ театр өнеріндегі жаңашыл бағыттағы алғашқы қойылым. Себебі, ғарыш, ғаламшарлар тақырыбында бұрын-соңды мұндай ертегі сахналанған емес. Бұл танымдық қойылым арқылы өскелең ұрпақ жақсы мен жамандықты айыруды үйреніп, батыл әрі әділ болып өсуде рөлі зор.

 

Қоюшы режиссеры             — Мұңайтпасова Сандуғаш;

Қоюшы суретші                   — Шалабаева Қарлығаш;

20 желтоқсан сағат 11:00-де (алғашқы қойылым)

23-29 желтоқсан 10:00, 12:00-де

Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 153

Ақпарат үшін: 8 701 376 92 49

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here