Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының өңірде жүзеге асырылу барысын жан-жақты насихаттап, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына қосқан еңбегі мен танытқан белсенділігі үшін Алматы облысының журналистері 7 номинация бойынша марапатталды. «Самғау» журналистер премиясының  жеңімпаздарын облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Жыл соңына қарай арнайы өткізіліп жатқан бұл салтанатты жиын журналистика саласына деген қолдаудың молдығын  білдіреді. Байқауға республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары  қызметкерлері,   штаттан  тыс  тілшілерден, жалпы  100-ден астам  үміткердің жұмысы қабылданып отыр. Байқау комиссиясы қарауына ұсынылған  материалдар  төмендегі номинация талаптарына сәйкес іріктеліп, үміткерлердің жұмыс істеу  тәжірибесі, материалдың маңыздылығы,  мазмұндылығы, оны  ұсыну тәсілі назарға  алынды.   Байқау комиссиясы  отырысында материалдарды бағалау және іріктеу қорытындысы бойынша төмендегідей  шешімге  келді.

«Рухани жаңғыру» тақырыбындағы  шеберлігі» номинациясы бойынша:

3-орын  Александр Склабовский –  облыстық  «Огни Алатау» газетінде жарияланған  «Что читаешь Талдыкорган?» ақпараты үшін марапатталды.

2-орын  Қысаев Ардақ  — «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде жарық көрген «Сонар 2017» халықаралық құсбегілер жарысы» материалы үшін марапатталды. 1-орын  Тұнғатар   Қуаныш – облыстық «Жетісу»  газетінде жарияланған   «Бір ғасыр бұрынғы бостандық» тақырыбымен Алашорданың 100 жылдығына орай шығарылған сериялы мақаласы үшін марапатталды

«Рухани  қазына»  тақырыбын  ашу» номинациясы бойынша

3-орын       Есенбаева  Алма  —      облыстық «Жетісу» газетінде жарияланған «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» мақаласы үшін марапатталды. 2-орын    Серікқанов  Қуаныш –  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жарық көрген Алматы облысы аумағындағы  рухани қазынамыз – тарихи ескерткіштер жаңғыртылып, QR –кодтар орнатылғаны туралы сюжеті үшін марапатталды.    1-орын – Жакупбаева Зухра – «Жетісу» телеарнасында жарық көрген «Жетісу жұмбақтары» экспедициясы бағдарламасы үшін марапатталды.

авторы Д.Сағындық

«Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша жаңалықтық материалдар» номинациясы бойынша 3-орын  Алтынбекұлы  Думан – «Жетісу» телеарнасындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында белгілі меценат Бауыржан Оспанов ЕСІМ ТӨРЕ кесенесін қайта жаңғыртты» атты ақпараты үшін марапатталды. 2-орын   Қалиев Айдос  —  «Жетісу» телеарнасында «Қызқұлаған» сюжеті үшін марапатталды. 1-орын  Нүсіп Алмас – «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Дүрия жамылған Көлсай» мақаласы үшін марапатталды.

Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында Алматы облысы  туралы әзірленген «Үздік республикалық (халықаралық) репортаж, ақпараттық материал (корреспондент)»  номинациясы бойынша»

3-орын    Жазылбеков Ғалым – «Президент және халық» газетінде   «Рухани жаңғыру. Алматы облысының экономикалық дамуы» мақаласы үшін марапатталды. 2-орын  Жантасова Гүлнар — «Хабар 24»  телеарнасында  «Неразгаданные тайны Семиречья» тақырыбындағы Арнайы репортажы үшін марапатталды. 1-орын   Қабышева Самал —  «31» республикалық телеарнасында «Үш діннің тоғысқан жері – ежелгі Қойлық қалашығы туралы» сюжет үшін марапатталады.

«Алматы облысының сакралдық географиясы туралы үздік бейнематериал (оператор)» номинациясы бойынша

авторы Д.Сағындық

3-орын   Александр Белов – «Жетісу» телеарнасындағы «Сакральная карта Алматинской области» сюжеті үшін марапатталды.

2-орын Түргенбаев Қуаныш – «Хабар» агенттігіндегі «Путешествие на самый высокий водопад Центральной Азии» «Бурхан булак» бейнеролигі үшін марапатталды. 1-орын Оразалинов Самат —  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы Алматы облысындағы «Бес шатыр» қорғандары туралы сюжеті үшін марапатталды.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» туралы  үздік фоторепортаж (фотограф)» номинациясы бойынша

авторы Д.Сағындық

3-орын  Мұсабеков Жұмабай–«Жетісу» газетінің фототілшісі марапатталды. 2-орын  Еректыбаев Тлек–Текелі қаласының тәуелсіз фототілшісі марапатталды. 1-орын Нұршанов Айдын — «Талдықорған» газетінің фототілшісі марапатталды.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне  ауыстыру  туралы   үздік пост (блогер)»  номинациясы бойынша:        3-орын Рахымова Айна –  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» парақшасының жүргізушісі, «Латын әріпі» посты үшін марапатталды. 2-орын Тоқтасын Мұхит – «Жетісу» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Латын әліпбиі сыртта жүрген қазақтардың хат-хабар алмасуын жеңілдетеді» посты үшін марапатталды. 1-орын  Ботабаева Ажар – «ТАТЭК» акционерлік қоғамының аға операторы,  «Латынды қолда» парақшасын жүргізгені және «Латын әліпбиіне көшу-болашаққа бастар бағыт» посты  үшін марапатталды.

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here