Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

0
332

Отанды сүю – ерекше бақыт, ал, оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз бүгін азаттықтың екінші ширек ғасырына аяқ бастық. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мерекемізге 26 жыл толды.

Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдары болады. Біз үшін ол таң 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күннен бері Тәуелсіздігіміздің көк туы желбіреуде.

Барша мәдениет қызметкерлері атынан жерлестерімізді, жалпы қазақстандықтарды төл мерекеміз — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, елдігіміздің ғұмыры ұзақ болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріміз табысты, барлық бастамаларымыз сәтті болғай!

Алмас ТҰРСЫНҒАЛИҰЛЫ «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» бас маманы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here