Артына өшпес із қалдырған

0
365

Елбасының «Болашаққа бағдар- Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Тәуелсіздік күніне орайластырылып, соғыс және еңбек ардагері Қанай Қалиұлы Сүлейменовтың  құрметіне   қаламызда мемориалды тақта  ашылып, гүл шоқтары қойылды.

Қанай Қалиұлы  толарсақтан саз кешіп,  Отан үшін от кешті. Қан майданнан оралып,  облысымыздың  төрт ауданында сот төрағасы қызметін  абыроймен атқарды.  Қара қалды қақ жарған  әділдігімен елге танылды. Сот саласының ардагері көзі тірісінде  «Үш би» төсбелгісін иеленді.

Алматы облыстық сотының төрағасы М. Таймерденов, Талдықорған қаласының әкімі Б.Қарасаев, ардагерлер атынан сөз алған А.  Шегіров, Т. Асқарбеков, Т. Ахмадиев  қарапайымдылығымен ел есінде қалған, соғыс және еңбек майталманының өнегелі өмірін тілге тиек етті. Ардагердің ұлы Алғыс  әкесіне көрсетілген сый- құрметке өз ризашылығын білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here