Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі

0
392

“Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында “Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі” атты салтанатты шара өтті.

Айдын Нұршановтың фотосы

Қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жиналған қауымды ең әуелі халқымыз үшін аса қадірлі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. “Өздеріңізге мәлім Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақ тілінің дамуына әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президент саясатының арқасында тілге қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Талдықорған қаласы бойынша арнайы жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілген.

Аталған жұмыс бойынша әр мекеме жүйелі түрде көптеген тілдік іс-шаралар атқаруда. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі жолдары тілдік шаралар десек, үстіміздегі жылы қала бойынша 10 байқау ұйымдастырылып, облыстық байқауларға жолдама алған 19 жүлдегердің 11 жеңімпаз атанды.

Айдын Нұршановтың фотосы

“Талдықорған” газетінде жыл басынан бері мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 70-ке жуық мақала жарық көрді”-деп атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ, қаламызда мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту, тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін бірқатар тіл жанашырларын Алғыс хатпен марапаттады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here